Астанаға Реджеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келді
Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Астана әуежайында мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Түркия Президентінің бұл сапары шынайы бауырластыққа негізделген көп қырлы серіктестігіміз үшін маңызды кезең болмақ. Ертең мемлекет басшыларының төрағалығымен Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 6-отырысы өтеді деп жоспарланған. Ал 15 мамырда мемлекет басшылары Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады.