Биыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін
Биыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі климаттанушы ғалымдардың халықаралық зерттеу тобына сілтеме жасап хабарлады.
Ең қауіптісі, аптаптың салдарынан өрт жиілеп, басқа да табиғи апаттардың көбеюі ықтимал. Мамандар әсіресе Солтүстік жартышарда «Эль-Ниньо» құбылысы жағдайды ушықтырады деп болжайды. Яғни Тынық мұхитының экватор бөлігіндегі судың беті қатты қызып, ғаламдық жылуға тікелей әсер етеді. Онсыз да жыл басынан бері қызыл жалынның кесірінен 150 миллион гектардан астам жер күлге айналды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 20 есе көп. Бәрінен Африка мен Азия елдері қатты зардап шеккен.