Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатыр
Бүгін күллі мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтіп жатыр.
Бұл тек діни рәсім ғана емес, мейірімнің, адамгершілік пен жан тазалығының көрінісі. Ұлық мерекеде жұрт Жаратушы разылығы үшін құрбандық шалып, игі ниетпен сауапты амал жасауға ұмтылады. Айт күндері қайырымдылық жасау дәстүрге айналған. Мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, жалғызілікті қариялар мен көпбалалы отбасыларға, жетімдерге ерекше көңіл бөлінеді. Құрбан айт адамдарды бір-біріне жақындастырып, кешірім мен татулықты, бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Бас муфти айт мерекесін қазақы дәстүр мен ұлттық нақышта өткізуге және ұйымдастырылатын игі шараларға белсенді қатысуға үндеді.