Президент сайлау және прокуратура туралы заңнаманы жетілдірумен байланысты заңдарға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық заңға қол қойды.
Атап айтқанда, сайлау және прокуратура туралы заңнама жетілдіріліп, Ата заңға сәйкестендірілді. Дәл осындай өзгеріс сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамаға да енгізілді. Сондай-ақ Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі Конституцияға сәйкестендірілді.