Бүгін – медицина қызметкерлері күні
Кәсіби мереке жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Бұл ақ халатты абзал жандардың жанқиярлық еңбегі мен кәсіби шеберлігіне құрмет көрсетілетін күн. Қазір ел аумағында 276 мыңнан астам медицина қызметкері бар. Мерекеге орай елдің түкпір-түкпірінде сала үздіктері мен ардагерлері марапатталып, салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, қызмет сапасын арттыруға және мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп отыр.