Астанада ауа температурасы 1941 жылғы рекордтық межеден асты

Күн шекеден өтеді. Бұрнағы күні Астанада ауаның температурасы 37 градусқа таяды. Бұл – рекордтық көрсеткіш дейді Қазгидромет.

Себебі дәл осы уақытта, мұндай ыстық тек 1941 жылы болған. Алайда оның өзі 0,4 градусқа төмендеу еді. Ал бұл күндерІ оңтүстікте күн 42 градусқа дейін ысыды. Десе де жаздың әлегі бұл ғана емес. Алда шіліңгір шілде келеді. Ал қазір ыстық аздап саябырсиды. Астанада 28, Алматыда 32 градус. Ара-тұра өткінші жауын жауады. Шымкентте 35 градусқа дейін барады. Дегенмен оңтүстіктің жекелеген аумақтарында 40-42 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал. Ал солтүстік батыс, солтүстік және шығыста жаңбыр сіркірейді.