Президент «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынына қатысты
Мемлекет басшысы «Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты.
Бұл жолы іс-шара Ақмола облысының Щучинск қаласында ұйымдастырылды. «Айбын-2026» бағдарламасына әскери-спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар енді. Биылғы жиын Қазақстанның бірнеше аймағынан, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 50-ден астам команданың басын қосты. Мемлекет басшысы бұл өскелең ұрпақтың рухын шыңдайтын, оларды отаншылдыққа тәрбиелейтін өте маңызды іс-шара екенін атап өтті.