Президент: Мемлекет жаңа кезеңге қадам басқалы тұр
Бүгін 30 жылда 3 жарым мыңдай заң қабылдаған Парламенттің соңғы сессиясы. Бірлескен отырысқа қатысқан Президент қос палатаның тарихи мән-маңызына тоқталды.
Егемен ел дамуындағы тұтас бір дәуір қорытындыланғанын айтты. «Енді мемлекет жаңа кезеңге қадам басқалы тұр. Ертең жаңа Конституция күшіне енеді. Мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болады. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Бұл Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Заң шығару жүйесінің қайнар бастауында бүкіл халыққа және халықаралық қауымдастыққа танымал саясаткерлер тұрғандығы атап өтілді. Көрнекті мемлекет қайраткерлері, белгілі қоғам қайраткерлері де сол саптан табылды. тұрды. Мемлекет басшысы олардың жемісті еңбегі Парламент тарихында өшпес із қалдырғанын жеткізді.