Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін елдің басым бөлігінде күн бұзылып, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамы бойынша республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде нөсер жүріп, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ түсіп, қатты жел тұрады.

Ал оңтүстік және батыста аптап ыстық сақталады. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласында ауа температурасы 40 градустан асуы ықтимал. Өрт шығу қаупі де жоғары. Сондықтан мамандар тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді.