Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесіп, Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді.
Қазақстан басшысы бұл қақтығысты мемлекетаралық сипаттағы соғыс деп санайтынын атап өтті. Қазақстан украин халқының мәдениеті мен тіліне құрметпен қарайтынын да жеткізді. Президент қақтығысты уақытша тоқтатып, 2.0. Ыстамбұл формуласына оралған дұрыс дейді. Ал ірі мемлекеттердің, соның ішінде Ресейдің кепілдігі арқылы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге болады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бұл мәселеге бейжай қарамайтынын, алайда қақтығыста арағайын болудан бас тартатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы мәселелерді тараптар өздері, делдалсыз шеше алады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бүгін өз пікірімді білдіруді жөн көрдім. Себебі адамдар менің Омбыға жоспарлы сапарымнан, Сізбен кездесуімнен хабардар. Тығырықтан қалай шығу керек екенін ешкім білмейді. Қос тараптың өз ұстанымы бар. Әйтсе де, осы алауыздықты уақытша доғаруға болады. Бұл – сынақтан өткен халықаралық тәжірибе, амал. Өкінішке қарай, өрімдей жастар құрбан болып жатыр. Олар – бауырлас Ресей мен Украина халықтарының келешегі. Сондықтан мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені, менің ойымша, қазіргі болып жатқан жағдай Ресей және Украина мемлекеттерінің дұшпандарына ғана тиімді.