Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан көшбасшысына ілтипат білдіріп, бұл сапар екі ел арасындағы ерекше құрмет пен шынайы достықтың көрінісі екенін атап өтті. 

Президент Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне енгенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағытта оң динамика көрсетіп келе жатқан қазақ-тәжік қарым-қатынасының даму деңгейін жоғары бағалады. Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары дәйекті түрде кеңейіп жатыр. "Мәдениет күндері алма-кезек өткізіліп, көрнекті тұлғалардың ескерткіштері ашылды. Душанбеде Абай бюсті, Астанада Ибн Сина ескерткіші бой көтерді. Білім беру мен жастар саясаты салаларындағы ықпалдастық жоғары деңгейде. Жастар, ғалымдар мен зиялылар форумдары жиі өткізіледі. Сондықтан өзара ынтымақтастықта қол жеткізген нәтижелер үшін мақтануға да, қуануға да толық негіз бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз: