Президенттерге сауда және логистика саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды
Омбыдағы форум аясында Қазақстан мен Ресей президенттеріне сауда және логистика саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды.
Мемлекеттер басшыларына сауда айналымын ашық етуге, тасымалды цифрландыруға және автокөлік қатынасының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жобалар көрсетілді. Олардың қатарында тауардың шығу тегін бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық таңбалау жүйесі, тасымалдаушыларға арналған Smart Cargo платформасы және жасанды интеллект арқылы көлік қозғалысын талдайтын AI Jol жобасы бар. Сондай-ақ теміржол, автокөлік және әуе қатынасын дамыту, шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту бойынша бірлескен жұмыстар таныстырылды.