26 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Талдықорған қ.: 26 шілдеде таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
26 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 26 шілдеде түнде және таңертең тұман күтіледі.
26 шілдеде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 26 шілдеде түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
26 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 26 шілдеде түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
26 шілдеде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, облыс орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 26 шілдеде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 26 шілдеде түнде және таңертең аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 26 шілдеде өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
26 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 26 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Атырау қ.: 26 шілдеде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Орал қ.: 26-27 шілдеде күндіз 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
26 шілдеде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 26 шілдеде күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 шілдеде күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. 26 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 26 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 26 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. 26-27 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақтау қ.: 26 шілдеде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 38-39 градус қатты ыстық күтіледі.
26 шілдеде Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 26 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
26 шілдеде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 26 шілдеде күндіз жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 шілдеде Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
26 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 26 шілдеде күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде күндіз 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
25 шілдеде Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. 25-27 шілдеде Атырау облысында күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 25-27 шілдеде Атырау облысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 25-27 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.
26-27 шілдеде Маңғыстау облысында күндіз 43-47 градус өте қатты ыстық күтіледі.
25 шілде - 01 тамызда Маңғыстау облысында қатты және өте қатты ыстық сақталады.