2027 – тарихта ең ыстық жыл болуы мүмкін

Биылғы жаз әуреге салып тұр. Әдетте қоңырсалқын Еуроапаның өзі ыстыққа шыдай алар емес.  

Францияда ауа температурасы 44, Испанияда 45 градусқа дейін көтерілді. Бұл кәрі құрлық үшін қауіпті жағдай. Тіпті өмірі жылымайтын Норвегия да күн шақырайып тұр. Ал Азия елдерінде жағдай тіптен қиын. Пәкістан мен Үндістанның кей өңірде сынап бағаны 50 градустан асты. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамына қарағанда, алдағы бес жылда Жер шарындағы орташа температура жаңа рекордтар орнатуы мүмкін. Ал 2027 жыл тарихта ең ыстық жылдардың бірі болуы ықтимал.