Қ. Тоқаев Эндрю Бернемді құттықтады  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады.

Мемлекет басшысы жеделхатта екі ел арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, халықтар мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады. Саясаткердің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тіледі.