Президент «Болашақ ойындары–2026» турнирінің ашылуында сөз сөйлейді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді.

Астанада 29 шілде-9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды. 

Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады.