Phigital football: 2 команда плей-оффқа шықты

Астанада өтіп жатқан тағы бір халықаралық дода “Болашақ ойындары” аясында Фиджитал-футболдан екі бірдей командамыз плей-офф кезеңіне шықты. UEL ресейліктерді 2:1 есебімен ұтса, Allur Penarol командасына 2:4 есебімен есе жіберді. Десе де алғашқы ойындағы жеңісі топтан шығуға мүмкіндік берді. Енді 1/8 айналымда UEL Оңтүстік Африка Республикасының Orlando Pirates Fives ұжымымен ойнаса, Алюр черногориялық командамен кездеседі. Матчтар бүгінге жоспарланған. 

Қасиет Оңғарбек, UEL командасының мүшесі:

- Өздеріңіз көрдіңіздер, 1:1 есебімен алаңға шықтық. Қиын болды. Бір ғана есеп айырмасымен жеңіске жеттік. Өте маңызды ойын. Енді ертеңгі ойындарда бұдан да сенімдірек ойнаймыз деп ойлаймын. Біз топтан 3-орынмен шықтық. Біз 1, 2-орынмен шыға алмайтын едік. Өйткені бірінші ойынды жеңу керек болды. БІз кеше жеңіліп қалдық. Енді кибер бөлімде көбірек гол салуымыз керек. Өйткені алаңда шынайы футбол қиындау. Сондықтан есеп айырмасы көп гол болған сайын бізге жеңілерек болады ойнаған.