Қ. Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев маңғыстаулық Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады.

Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм арнасында жазды. Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды. Еске сала кетейік, кеше Астанада қазақ күресінен дәстүрлі «Қазақстан барысы» республикалық турнирі мәреге жетті. Финалда Жантілек Нұртілепұлы жамбылдық Ғалымжан Қырықбайдан айласын асырып, алтын белбеу мен 15 млн теңге сыйақыға ие болды.