Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Жиынға 21 лауреат, сондай-ақ олардың ұстаздары мен тәлімгерлері шақырылды. Беделді білім бәйгелерінде 6 пәннен отандастырымыз алты алтын медаль, он бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алған. Мемлекет басшысы дарынды жастарды жарқын жеңісімен құттықтап, оларға шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ табанды еңбек, үздіксіз ізденумен жеңіп алған әр медальдің бағасы қымбат, маңызы зор екенін атап өтті. Кездесуге келген жастардың көп ұзамай білікті инженер, көрнекті ғалым, мықты маман болатын айтты. Жаңа технологияларды ойлап тауып, әлемнің дамуына ықпал ететін жаңалық ашатындарына сенім білдірді.