Астанада STEM олимпиадасының халықаралық кезеңі басталды
Елордада STEM олимпиадасының халықаралық кезеңі басталды. Екі күнге созылатын байқауға еліміздің барлық өңірі мен 10 мемлекеттен 800-ге жуық оқушы қатысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Биылғы жарыстың басты тақырыбы – суды үнемдеу. Қатысушылар бағдарламалау мен инженерлік шешімдерді қолдана отырып, суды тиімді пайдаланудың жаңа тәсілдерін әзірлеу керек. Практикалық тапсырмалар арқылы оқушылар экологиялық мәселелерді зерттеп, оларды технология көмегімен шешу жолдарын ұсынады. Биыл олимпиада бағдарламасына алғаш рет роботтар футболы да енгізілді. Жарыстың үш жеңімпазына Қазақ ұлттық спорт университетіне оқуға түсу үшін грант беріледі.
Залқарбек Мұратәлиұлы, STEM Асademia директоры:
– Бүгінде беріп отырғанымыз ол – су тартқыш, жел генераторы. Соны бала құрастырып, цистерналарға бағдарламалау коды арқылы дұрыс пайыз бойынша толтыру керек. Ең бастысы, сол. Екінші бағыт ол – роботтар шайқасы. Дамып келе жатқан нәрсе. Балалар қуана-қуана қатысады. Үшінші бағыт ол – роботтық футбол. Екінші спортзалда робофутбол өтіп жатыр. Оған 200-ге жуық бала қатысып жатыр.
Дәулетхан Салтаев, STEM олимпиадасының қатысушысы:
– Кішкентайымнан STEM-ге қызыққан болатынмын. Халықаралық деңгейге жетуге басында «Зерде» командасымен өткен облыстық олимпиадада 5 топқа кірдік. Халықаралық турға жолдама алған болатынбыз. Олимпиадаға қатысар алдында командамызбен дағдыларымызға қарай тапсырмаларды бөліп, біреуіміз бағдармалау, біреуіміз робототехника, біреуіміз инженерияға қарай тапсырмаларды бөліп алғанбыз.