Қ. Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясын 28 тамызға шақырды

Президент «Қазақстан Республикасы бірінші шақырылымдағы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы «24KZ» Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекет басшысы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасы бірінші шақырылымдағы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: