Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Президент көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады.
Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен бапкерлерді Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Ұлттық құраманың жалпы есепте бірінші орынға шыққанын ел мерейін өсірген елеулі жетістікке балады. «Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады деп айтсақ, әділеттікке сай сөз болады. Мен Президент ретінде баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге тұтас халқымыз жанкүйер, тілекші болды», – деді Президент. Сайыс қорытындысы бойынша спортшыларымыз 74 медаль еншіледі еді. Оның 32-сі – алтын.