Жаһанның жаңа идеялары тоғысқан алаң

Қазақстандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты.

Цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Digital Bridge халықаралық форумында айтылды. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев адам капиталына айрықша мән беріп, жасанды интеллектіні реттеу мәселесін қозғады. Технология адамға қызмет етіп, қоғам дамуына серпін беруі керек екенін айтты. Сонымен қатар оның кері әсеріне де назар аударды.

Бұл Кернеу атты үстел теннисіне бейімделген Орта Азиядағы жалғыз робот. Бүгін ол Мемлекет басшысының алдында өз шеберлігін көрсетті.

Нұрболат Досмағамбет, "Kerneu Group" компаниясының басшысы:

- Ғылыми жобаның мақсаты әлемдегі роботтардың өте үлкен жылдамдықта шешім қабылдай алып, және де оны физикалық өмірге қайтадан жауап бере алатынын бере алатынын көрсеткіміз келіп отыр. Яғни мынау үстел теннисі сіздер білетіндеріңіздей, өте шапшаң спорт түрі. Яғни осы жерде роботтың тез арада бүкіл ақпаратты жинақтап, оны анализ жасап, синтез жасап, оны роботқа қайта беріп, сол роботтың бір іс-қимыл әрекетін жасауының нәтижесі өте қиын ғылыми жобалардың бірі. Біз қытай әріптестерімізбен бірге осы жобаға осы жобаны осында алып кеп отырмыз. Көрсетіп отырмыз. Жалпы осы технологияның, ғылымның қалай дамығандығын, қандай қазіргі таңда қандай хәлі екенін көрсеткіміз келіп отыр.

Жаһанның жаңа идеялары тоғысатын халықаралық форум биыл жетінші мәрте шымылдығын түрді. Осы аралықта Digital Bridge форумына 127 мыңнан астам адам келіп, 600 стартап, 300-ден аса ІТ-компания және 100 елдің өкілі қатысқан. Мәселен, бүгін Мемлекет басшысына AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfield.ai компаниясының интеллектуалдық шешімдерімен және «Деректерді өңдеу орталығы алқабын» дамыту жоспарымен танысты.

Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы:

- Бүгін Digital Bridge көрмесінің аясында Самрук-Қазына тобы өзінің цифрлық жобалар, жасанды интеллект жобалар ұсынып жатыр. Жалпы Самрук-Қазына тобы шеңберінде біз Data Lake құрдық. Күн сайын бұл Data Lake-ке үш жүзден астам өндіріс параметрлері еншілес компаниялардан жіберіледі. Сондықтан бұл Data Lake арқылы біз жетпістен астам жасанды интеллект жобаларды жүзеге асырудамыз. Оның ішінде жиырма бес жобаны біз толыққанды іске қостық. Жылдың аяғына дейін жиырма төрт, тағы жиырма төрт жобаны іске қосатын боламыз. Қазіргі таңда Самрук-Қазына тобы бойынша біз жүз жиырмадан астам жасанды интеллект ассистенттерін қолдап жүрміз. Бұл өндіріс процестеріне арналған және бизнес үрдістеріне арналған жасанды интеллект ассистенттер. Одан басқа біз адами капиталға ерекше мән береміз. Қазіргі таңда Самрук-Қазына тобы бойынша он үш мыңнан астам қызметкерлер вайб кодинг курстарын өтті. Жылдың аяғына дейін бұл көрсеткішті біз он тоғыз мыңға дейін арттыратын боламыз.

Биыл алғашқы студенттерін қабылдаған ҚАЙРУ-дың да жиында тұсауы кесілді. Жасанды интеллекке негізделген жаңа университет үш негізгі міндетті қамтиды.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Біріншісі, мен айтып кеткен алгоритмдерге негізделген білім беру жүйесі, яғни кез келген студенттің, әр баланың, әр студенттің өзінің жекешелендірілген жолы болады. Оқу жолы бүкіл процестер, бүкіл мазмұн, кітаптар сол баланың қызығушылығына бағытталатын болады. Екінші AI плюс икс деген класс икс деген өте қызық модель. Әр баланың жасанды интеллектімен бірге өзінің мамандандырылған бағыты болады. Яғни сіз тіл маман журналист болуыңыз мүмкін. Машина жасау, құрылысшы, мөселші, химик, физик AI плюс икс бағдарламасы сол өзіңіздің негізгі мамандығыңызбен бірге тереңдетілген жасанды интеллектті оқисыз. Қалай жасанды интеллектті жүйелі түрде дұрыс мамандыққа, өндіріске енгізуге. Үшінші ол зерттеу. Яғни робототехника саласында жасанды интеллект саласында алгоритмика саласындағы ең негізгі компаниялар осы университеттің негізінде зертханаларды ашуда.

DIGITAL BRIDGE жаңа технологиялар саласындағы халықаралық байланыстардың алтын көпіріне айналды. Форумның түпкі мақсаты да, басты міндеті де осы. Қасым-Жомарт Тоқаев форумда осылай деді, қазіргі аса қарқынды, құбылмалы және озық заманда жаңа технологияны дамытудың маңызына тоқталды.

Күллі әлем жұртшылығы жасанды интеллектінің дамуына айрықша назар аударып жатыр. Себебі жасанды интеллектінің ықпалымен өнеркәсіп, қаржы, білім, ғылым, мемлекеттік басқару және жалпы адам өмірінде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Оған бәріміз де куә болып отырмыз. Осы орайда, AI & Digital Bridge форумының мазмұны да жыл өткен сайын жаңа сипатқа ие болуда: жаңа өзекті мәселелер пайда болды, қатысушылардың ауқымы да ұлғайды. Форумда цифрландыру тақырыбынан бөлек, есептеу инфрақұрылымы, ауқымды тілдік модельдер, робот техникасы, индустрия саласындағы жасанды интеллект, ғылым, технология саласындағы заңнама мен қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасулар өтуде. Осылайша AI & Digital Bridge жаңа технологиялар саласындағы халықаралық байланыстардың алтын көпірі ретінде табысты қызмет етуде. Форумның түпкі мақсаты да, басты міндеті де, миссиясы да – осы.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев адам капиталына айрықша мән беріп, жасанды интеллектіні реттеу мәселесін қозғады. Технология адамға қызмет етіп, қоғам дамуына серпін беруі керек екенін айтты. Сонымен қатар оның кері әсеріне де назар аударды. 

Киберқауіпсіздік, деректерді қорғау, ақпараттың сенімділігі, алгоритмдердің ашықтығы, қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік – мұның бәрі кезек күттірмей қаралуға тиіс мәселелер. Шын мәнінде жасанды интеллектіні қазіргі заманның мықты құралы, тіпті қаруы деп те айтуға болады. Сондықтан оның әлемдік дамуға пайда немесе зиян әкелуі ең алдымен адамзатқа тікелей байланысты болмақ.

Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті. Жиында «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыруға баса мән берілді. Жоба қуаттылығы шамамен 30 МегаВт болатын есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейді. Кейін оның көлемін 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланған. Бұдан бөлек General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Фордты қабылдады. Әңгімелесу барысында жасанды интеллект экожүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Президент БАӘ делегациясынмен де кездесті. Жиында Әмірліктер өкілдері елге инвестиция тартуға именбейтінін байқадық. Мәселен, былтыр елге 1,64 миллиард доллар қаржы тартылған. Кездесуде Каспий теңізінде портты инфрақұрылым мен флотты дамыту және Орта дәлізді нығайту мәселелері талқыланды. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сухейл Әл-Мазруиді және Мансур әл-Мансуриді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Әлішер Әли

Сондай-ақ оқыңыз: