Елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтанын ресми қарсы алу рәсімі өтті

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан соң Президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқады. Артынша мемлекет басшыларының келіссөзі басталды.

Сондай-ақ оқыңыз: