Президент ұлттық тағамдар фестивалін аралады

фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады.

 Қадірменді меймандар үшін Түрікменстан павильонында жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері қойылған көрме ұйымдастырылған. Сонымен қатар әдеби-сазды «Оғыздар» қойылымы көрсетілді. 

Ал Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады.

Мемлекеттер басшыларына ТМД-ға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысы таныстырылды.

Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз: