Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасын қабылдады

фото: akorda.kz

2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет қабылданды. Депутаттардың бастамасымен өңірлердегі 52 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 47 млрд теңге қарастырылды.  

Айбек Дәдебай Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрылтай жұмысының қазіргі нәтижелері және «Әділет» партиясының қызметі туралы баяндады. Төраға, депутаттар 18 заң қабылдағанын және 38 жоба қаралып жатқанын мәлімдеді. Кездесуде қоғамдық қабылдау мен e-Otinish жүйесі арқылы халықпен кері байланысты нығайту перспективасы да талқыланды. Бұған қоса, Мемлекет басышына жасанды интеллектіге негізделген AI-Quryltai парламенттік платформасы таныстырылды. Айбек Дәдебай Әділет партиясының қызметі туралы да ақпарат берді. Партия Үкіметпен бірлесіп, 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі жол картасының жобасын әзірледі. Құжат 303 іс-шараны қамтиды. Ал партияның қоғамдық қабылдауына 14 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 8 мыңнан астамы оң шешімін тапты. Партиялық бақылау барысында 300-ге жуық әлеуметтік инфрақұрылым нысаны тексеріліп, анықталған кем-шіліктердің 80 пайызға жуығы жойылды. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 12 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді. Кездесу соңында Құрылтайдың заң шығару қызметі мен партия жұмысының алдағы басымдықтары талқыланды. 

Сондай-ақ оқыңыз: