Қ. Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің IV отырысына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты.
Жиында екі елдің сауда-экономикалық байланысын кеңейту мәселелері сөз болды. Бельгия Қазақстандағы ең ірі 10 инвестордың қатарына кіреді. Кейінгі жиырма жылда бельгиялық компаниялар еліміздің экономикасына 15 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Қазір Қазақстанда агроөнеркәсіп, денсаулық сақтау, фармацевтика, технология және энергетика салаларында жүзден астам бельгиялық және бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл басынан бері екі жақты сауда көлемі шамамен 10 пайызға өсті. Мемлекет басшысы тауар айналымын одан әрі арттыру үшін сауда рәсімдерін жеңілдетіп, іскерлік ынтымақтастықты күшейту қажет екенін атап өтті.