Мемлекет басшысы Израиль Президентімен кездесті

Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, жан-жақты ынтымақтастықты дамытудың перспективасын талқылады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтің сәуірде Астанаға жасаған сапары қос ел арасындағы байланысты нығайтуға серпін бергеніне назар аударды. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажеттігін жеткізді және Қазақстанның осы қағидатты берік ұстанатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз: