Президент Каспий мен итбалығын сақтап қалуға шақырды
Каспиймен бірге итбалығын да сақтап қалу күн тәртібіндегі күрделі мәселе.
Президент теңізді тел емген бес мемлекетті түйткілдің түйінін бірлесе тарқатуға шақырды. Халықаралық қоғамдастық та қолдау танытса құба-құп. Себебі Арал қасіретінің салдары ауыр болғаны баршаға аян. Бұл табиғи ресурстарды жауапсыз пайдаланудың кесірінен туған кесапат. Ал Каспийдің қазіргі күйі әлемге мәлім. Итбалығы да кеміп жатыр. Соңғы ғасырда саны 1 млн-нан 270 мыңға дейін азайған. Әйтсе де, ерік-жігер болса биологиялық алуандылықты тірілтуге тетік көп. Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі елеулі өзгерістерге тоқталды. Қазақ даласына Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіру қолға алынғанын айтты. Киіктің әлемдік популяциясының 98 пайызы да бізде мекендейді. 21 мың бастан 4 млн 700 мыңға жеткен. Сондай-ақ өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған ілБІСтің популяциясы қар барысын қорғау және жүйелі ғылыми мониторинг шараларының нәтижесінде шамамен 190-ға дейін көбейді. Тұран жолбарысы да тарихи мекеніне тұрақтады.