Қазақстанда жалпы ішкі өнім көлемі жан басына шаққанда $15 мың асты
Қазақстан Орта Азияның экономикалық көшбасшыларының бірі ретінде өңірдегі үлесін ұлғайтып келеді.
Елде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі бүгінде 15 мың доллардан асты. Бұл аймақтағы ең жоғары көрсеткіш. Сыртқы саудада да үлесіміз басым. Орта Азия елдерінің жалпы тауар айналымының 51 пайызы, экспорттың 57 пайызы біздің елге тиесілі. Экономикалық өсім құрылыс саласында да тіркеліп отыр. Мәселен, былтыр Қазақстанда 20 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өңірлік рекорд орнаған еді. Сондай-ақ жаңа мектептер салу қарқыны бойынша еліміз Орта Азияда жетекші орынға ие. Осылайша экономикалық өсім өндіріс пен сауда көрсеткіштерінде ғана емес, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуында да көрініс тауып отыр.
ЖІӨ жан басына - $15 000
Орта Азия елдері бойынша
тауар айналым - 51%
экспорт - 57%
2025 ж. - 20 млн м2