Қ. Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады

фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мейманның отандық жасанды интеллект экожүйесін дамытуға қосқан үлесіне ризашылық білдірді. Сонымен қатар Президент NVIDIA мен Higgsfield компаниялары арасындағы әріптестікті қуаттайды.

«Халқымыз аталған компанияның отандық технологиялық жобаларға атсалысқанын құп көреді», - деді. 

Дженсен Хуанг Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету стратегиясын жоғары бағалады. «Соңғы жылы өзара қарым-қатынасымыз өте нәтижелі болды», - деді компания жетекшісі. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыз: