Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияның Федералдық Президенті Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды 24KZ.
Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Александр Ван дер Беленнің жауапты қызметіне табыс, ал Аустрия халқына бақ-береке тіледі.