31 қазанға арналған ауа райы болжамы

31 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Түнде облыс бойынша 3-8 градус үсік күтіледі.

Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында, отралығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 31 қазанда түнде 6-8 градус үсік күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

31 қазанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 31 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 31 қазанда түнде шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

31 қазанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 31 қазанда тұман күтіледі.

31 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

31 қазанда Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 31 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

31 қазанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

31 қазанда түнде Абай облысынның солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Семей қ: 31 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. 

31 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Өскемен қ.: 31 қазанда түнде және таңертең қар, көктайғақ күтіледі.

31 қазанда күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 31 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

31 қазанда Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. 

31 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

31 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

31 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

31 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

31 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 31 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

31 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 31 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: