Қ. Тоқаев Э. Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Қожа Ахмет Яссауи орденімен марапаттады.

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімде қазақ пен тәжік халықтарын ғасырлар бойы қалыптасқан достық, рухани жақындық пен ортақ тарих байланыстыратынын алға тартты. Оның айтуынша, Қожа Ахмет Яссауидің мұрасы - Орталық Азия халықтарына ортақ рухани қазына. Ұлы ойшылдың ілімі адамгершілік, әділеттілік, мейірім мен ізгілік құндылықтарын дәріптейді. Мемлекет басшысы Яссауи мұрасының бүгінгі қоғам үшін де маңызы зор екенін жеткізді. Сондай-ақ әділет, еңбекқорлық, адалдық пен отаншылдық қағидаттары жаңа қоғамдық этиканың негізіне айналуы керектігін тілге тиек етті. Эмомали Рахмон жоғары мемлекеттік награда үшін алғыс айтып, одақтастық пен өзара стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да беки беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманның екі ел арасындағы сан қырлы байланыстарды тереңдетуде айрықша роль атқарғанын және оның есімі қазіргі Тәжікстан тарихында ерекше орын алатынына назар аударды.

Сондай-ақ оқыңыз: