Еліміздің бірқатар өңірінде күн суытып, көктайғақ болады

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 15 қарашада еліміздің батысында қатты жаңбыр жауса, 16 қарашада Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ республика аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады. Түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды 24KZ Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +6+11°С-қа дейін жоғарылайды. Алайда 16 қарашада -2+3°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндізгі температура +8+13°С-тан +1+8°С-қа дейін төмендейді.

Оңтүстік-батыста түнде ауа температурасы +4+9°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +5+10°С-қа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнгі температура негізінен -3+3°С шамасында болады. Күндіз ауа температурасы +2+9°С-тан +4+11°С-қа дейін сәл жоғарылайды.

Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы негізінен -5+2°С аралығында болады. Күндіз -2+3°С-тан 0,+5°С-қа дейін аздап жылынады. Ал Павлодар облысында түнгі температура -3-8°С-қа дейін, күндіз -2+3°С-қа дейін төмендейді.

Орталық Қазақстанда түнде ауа температурасы негізінен -2-10°С, күндіз -3+5°С болады.

Шығыс өңірлерде түнгі ауа температурасы -1-8°С-тан -6-13°С-қа дейін төмендейді. Күндіз негізінен -5+3°С шамасында болады.

Еліміздің оңтүстігінде түнгі температура негізінен -5+3°С аралығында сақталады. Күндіз ауа температурасы +5+12°С-тан +7+15°С-қа дейін жоғарылайды.

Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -1-6°С-тан -5-10°С-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда -9-14°С-тан -13-18°С-қа дейін суытады. Күндіз ауа температурасы +2+10°С-тан 0,+8°С-қа дейін, ал таулы аймақтарда -1-6°С-тан -3-8°С-қа дейін төмендейді.

Сондай-ақ оқыңыз: