10 облыста көктайғақ болады: «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

depositphotos.com

Бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жетісу, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі, деп хабарлайды «24KZ».

Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыз: