Президент стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сарапшылар тобын құрды

Елдің ұзақ мерзімді даму басымдықтарын айқындауға арналған жаңа сараптама тобы құрылды. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті өкімге қол қойды. Бұл – Президент жанындағы консуль-тативтік кеңесші орган.

Оның негізгі міндеті – елдің ұзақмерзімді дамуына қатысты тұжырымдамалық тәсілдер мен басымдықтарды сараптамалық тұрғыдан пысықтау. Аталған топ талдамалық, әлеуметтік, сондай-ақ форсайт зерттеулердің нәтижесін талқылап, стратегиялық бағыттар бойынша ұсыныстар әзірлейді. Оның жұмыс органы ретінде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты белгіленді. Отырыс кем дегенде айына бір рет өтеді. Жиынға мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, сарапшылық қауымдастықтар, іскерлік орта, азаматтық қоғам өкілдері және сараптама тобының құрамына енбеген басқа да мамандар қатыса алады.

Сондай-ақ оқыңыз: