Елімізде мәслихат сайлауы басталды

Елде мәслихат депутаттарын сайлау басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Дауыс беру таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Саяси науқанға 11 мыңға жуық кандидат тіркеліп, жеті саяси партия қатысуға жіберілді. Мәслихаттар жергілікті бюджетті бекітіп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын бақылайды. Депутаттардың жауапкершілігін арттыру өкілді органдардың жұмыс тиімділігін күшейтуге және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындары мәслихат сайлауында саяси партияға да, нақты кандидатқа да дауыс береді. Сонымен қатар азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін сайлау учаскесін онлайн анықтау және байланыс орталығы арқылы қажетті ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылған. Сайлау материалдарымен ана тілінде және ымдау тілі арқылы танысуға болады. Сайлау науқанының барлық кезеңі байқаушылар үшін ашық.

Сондай-ақ оқыңыз: