Енді елімізде кез келген адам вакцина салдыра алады

Енді елімізде кез келген адам вакцина салдыра алады
Liter.kz

Коронавирусқа қарсы вакцинаны енді кез келген қазақстандық ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін тіркелген медициналық мекемеге өтініш қалдыру керек. Ал кезегі келгенде емханадан хабарласып екпе салдыруға шақырады. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов осылай деді. Қазіргі уақытта екпе салдыруға өтініш қалдырғандар бар. «Ел арасында вакцина алуға ниетті адамдар көп», – деді бас санитарлық дәрігер. Қазір облыс-аудандарға вакцина жеткізу жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатыр. Ерлан Қиясов сәуірде жаппай вакциналау кеңінен қолға алынатынын жеткізді.

Ерлан Қиясов, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

– Қазір екпе алуға тиісті белгіленген топты вакциналап жатырмыз. Бұл алдын ала жоспарланған тізім бойынша орындалып жатыр. Дегенмен сәуір айында жаппай вакциналау халыққа жүргіземіз деген жоспар бар.