Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

18-20 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

«Қазақстан аумағына ауысатын Қара теңіз циклоны жақын күндері республиканың барлық өңірін қамтиды. Ол бұлтты құйын, жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын, қатты жел, мұз құбылыстары мен тұман әкеледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.