Бүгін Ораза айт күні

Бүгін Ораза айт күні

Бүгін Ораза айтының бірінші күні. Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам Рамазан айының аяқталғанын білдіреді.

Ораза айты кешірім мен рақымшылықтың мерекесі саналады. Барша мұсылман қауымы қасиетті ораза айынан кейін дұға-тілектерінің орындалатынына сенеді. Биыл Ораза айтының намазы жер-жердегі бас санитарлық дәрігерлердің рұқсатымен мешіт аулаларында оқылды.

Естеріңізге салсақ, былтыр індеттің таралуына байланысты айт намазы оқылмаған еді.