ҚР Президенті Ресейге жұмыс сапарымен барады

ҚР Президенті Ресейге жұмыс сапарымен барады
фото: facebook.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Ертең, 21 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Президент Владимир Путинмен кездесу жоспарланған.

Екі ел басшылары Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.