423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алғашқы алтын: Давид Дегтярев – Паралимпиада ойындарының жеңімпазы

  • 236
  • UPD: 16:44, 26.08.2021
Алғашқы алтын: Давид Дегтярев – Паралимпиада ойындарының жеңімпазы

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасы алғашқы алтынын иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.

Ол өзінің үздік нәтижесінде 174 келіні көтеріп, алтын медаль жеңіп алды.

Күмісті франциялық А.Борлоун, қоланы грекиялық Д.Бакорхристос иеленді.

Айта кетелік, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 25 атлет қорғап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы