Халықты ревакциналау тактикасы өзгерді – Алексей Цой

Халықты ревакциналау тактикасы өзгерді – Алексей Цой

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында халықты ревакциналау тактикасы өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды Хабар 24.

«Әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты қайта вакцинациялау тактикасын қайта қарады. Осылайша, 8 желтоқсаннан бастап 6 айдан кейін вакцинацияны екі дозамен аяқтаған барлық адамдар, сондай-ақ коронавирус инфекциясымен ауырған адамдар да қайта вакцинациялауға жатады. Бүгінгі күні ревакцинациямен 44 702 адам қамтылды», - деді министр.