Қ.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.

Бейнебайланыс форматында өтетін іс-шараға ЖЕЭК Құрметті Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Өзбекстанның басшылары қатысты.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспары талқыланды. Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады.