Мемлекет басшысы утилизациялық алымға қатысты пікір білдірді

Елде утилалым мөлшері төмендетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үкімет отырысында белгілі болды. Алайда тарифтің қаншалықты азаятыны жөнінде Премьер-Министр ашып айтпады. Аталған жайтқа қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірді. Оның айтуынша, жұмыс тобы қазір тариф мөлшерін қарастырып жатыр. Десе де шектен шығудан аулақ болған жөн.

«Автоөнеркәсіпті дамытуға бағытталған ақшаны желге шашып, импорттық ескі көлік ағынына өз нарығымызды ашуға болмайды», – деді Президент.