Елімізде келесі аптада оқушылар мектеп партасына оралады

Оқушылар алдағы аптадан бастап офлайн оқуға көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет отырысында ведомствооаралық комиссияның жетекшісі Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, бүгінде халықтың 81 проценті екпе салдырған. 1,8 млн қазақстандық ревакциналаудан өтті. Қайта вакциналауға қажет 3,7 млн доза қоры әзір.