Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды

Арқада ақтүтек боран соғып тұр. Дәл қазір елордадан барлық бағытқа қатынас тоқтады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды.

Мамандар азаматтарды алыс жолға шықпауға шақырады. Әрі ауа райы болжамын жіті қадағалап отыруды ескертеді. Егер көлік иесі қар құрсауында қалып қойса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 номеріне хабарласу қажет.