Талғар қаласының әкімін халық өзі сайлады – Алматы облысы

Қала әкімі лауазымынан 4 адам үміткер болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең жасы – отыз екіде. Үшеуі өзін-өзі ұсынды, біреуі «Аманат» партиясы атынан сайлауға түсті. Қалада дауыс беру үшін 24 сайлау учаскесі ашылды. Оның екеуі қалалық ауруханада орналасқан жабық сайлау учаскесі. Сайлаушылар саны 41 мыңнан асады. Қанша адамның таңдау жасағаны және қала әкімі лауазымына кімнің сайланғаны туралы алдағы жаңалықтарда айтылады.

Мұхит Дүйсебаев, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:

Қала әкімі сайлауына қатысқан кандидаттардың әрқайсысы сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Олар 10 күн бойы қала тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Дауыс беру уақытында заң бұзушылықтар тіркелмеді. Әр учаскеде 3-4 бақылаушы жұмыс істеді.