Қ.Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады.

Бас хатшы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен дамуы, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді. Кездесу кезінде халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыты мен ауқымды мәселелері талқыланды.